«Сүйемін сені»: Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева қол ұстасып жүр (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Осыған дейін екі әншінің де жеке-жеке отбасы бар екені хабарланған

Фото: Видеодан скрин

Желіде Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаеваның махаббат әнін орындаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тойға барған қос әншінің қол ұстасып бірге шыққанын әрі орындаған әндерінде де бір-бірінің есімі айтылғанын байқауға болады.

«Ғашықпын ғой, Әйгерім, өзіңсің осы өмірдің жарқыраған гүлі әдемі, сүйемін сені», деп Нұрлан Әлімжанов орындайды

Ал Әйгерім Қалаубаеваның әнінде мынандай қатар бар: «Сүйемін деген сөздерің рас па, жаным, Нұрланым».

Айта кетейік, осыған дейін екі әншінің де жеке-жеке отбасы бар екені хабарланған болатын.