Оқиға Астанадағы Мәңгілік ел бойында болды
Астанада ер адам Мәңгілік ел даңғылының бойындағы «Салтанат қақпасы» маңынан 119 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп бара жатып, дрифт жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаны Yedilov Online Telegram каналы жариялады.
Видео жоғары жылдамдықтан бөлек, жүргізушінің дрифт жасаймын деп 360 градусқа айналып, өзге көліктерге қауіп төндіргенін байқауға болады.
Оқиға түнгі уақытта болғаны кадрлардан көрінеді.