Тамақ та, қонақ үй де жоқ: қазақстандықтар Вьетнамнан шыға алмай қалды
Олардың әуежайда қалып қойғаны туралы ақпарат тарады

Қазақстандық саяхатшылар Вьетнам әуежайынан шыға алмай қалды. Фукуок-Астана рейсінің жолаушылары ұшақтың кешігуіне байланысты жаппай шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Михаил Козачковтың Telegram каналында шетелдік әуежайда түсірілген видео жарияланды. Оның айтуынша, рейс күндізгі уақытқа жоспарланғанымен, белгісіз себептермен ұшпай, жерлестеріміз әуежайда қалып қойған.
Рейс таңертеңге дейін ұшпауы мүмкін. Ал әуе компания рейсті күту кезінде жолаушыларға сусынға арналған ваучер ғана берген. Алайда, мұндай жағдайда берілуі тиіс тамақ та, қонақүй де берілмеген. Бұл жағдай саяхатшылардың наразылығын тудырып отыр.
«Мұндай жағдайда қазақстандықтарға кім көмектесе алады? Қазақстан елшілігі ме? Көлік министрлігі ме? Авиация әкімшілігі ме? Күту уақыты үшін шетелдік авиакомпанияға жағдай жасатуға кім ықпал ете алады?» - деп сұрайды журналист.