Оған қатысты «ұятсыздық» бабы бойынша іс қозғалды
Түркияда блогер Мерве Ташкын 14 ақпанда аталып өтілетін бейресми валентин күні атышулы жазба жариялаймын деп істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сumhuriyet мәліметінше, Мерве Ташкин аталмыш күнді жалғыз өткізгісі келмейтіндерге 400 мың лира (шамамен 5 млн 476 мың теңге) үшін кездесуге дайын екені жайлы жазған болатын.
Осыдан кейін оны қылмыспен күрес департаменті қамауға алды. Ал таңертең сотқа жеткізілді.
Блогер полиция ғимаратынан шығып бара жатқанда БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты. Оған қатысты «ұятсыздық» бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі.