«Өмірі көз алдынан өткен шығар»: әкесі туған қызымен билеген жас жігітке қадала қарады (ВИДЕО)
Бірнеше жыл бұрын желіде таралған видео жұртты әлі де күлдірді

Осыдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желіде таралған видео әлі де көпшіліктің күлуіне себеп болып отыр. Туған қызымен билеген жас жігітке бойжеткеннің әкесі қадала қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео тойлардың бірінде түсірілгенін, жұрттың вальс билеп жүргенін көргенін болады. Дәл осы тұста туған қызының жас жігітпен билеп жүргенін көрген ер адамның көзқарасы жұрттың күлкісіне себеп болды.
Шетелдік парақшалардың бірінде жарияланып, жергілікті желі қолданушылары видеоға қатысты езу тартып, пікір қалдырды.
«Жігіттің өмірі көз алдынан өткен шығар», «Әрбір қыз балаға әкесі осылай қорған болсын!», «Бір жағынан өте күлкілі. Әкенің аты әке ғой», «Қызына деген махаббатын тек әкесі ғана түсінеді», «Жігіт те батыл екен», - деп жазды желі қолданушылары.