Ақтауда көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға 11 ақпан күні болды

Фото: istockphoto.com

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтаудағы алтыншы ықшамаудандағы 24-үйдің тұрғындары бесінші қабаттың баспалдақтары арасында қимылсыз ер адамның жатқаны туралы хабар берген.

Оқиға 11 ақпан күні болды. Осыдан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

Белгілі болғандай, марқұм үйсіз-күйсіз жүрген адам болып шықты.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ер адамның табиғи өлімнен көз жұмғанын растады.

«Марқұм қылмыстық жағдайдан емес, қалыпты өлімнен көз жұмған», - деп хабарлады полиция.

Тегтер: