2000 жылы бұл көрсеткіш 5% болған
Қазақстанда аллергиядан зардап шегетіндердің үлесі 40%-ға жетті. Бұл туралы Астанада өткен III ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның басты аллерголог-иммунологы Ғалия Түсібекова аллергиялық және иммундық жүйеге қатысты аурулардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
«2000-жылдардың басында аллергиямен ауыратындар саны небәрі 5% еді. Қазір бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Бірақ тіркелмеген жағдайлар да бар. Көптеген науқас аллергологқа жүгінбей, басқа дәрігерлерге қаралады», – деді ол.
Оның айтуынша, ел бойынша бар болғаны 200 аллерголог жұмыс істейді. Мемлекеттік емханаларда тек 60-қа жуық маман бар. Ал Астанада аллерголог дәрігерлердің саны 25-тен аспайды.