Абай облысының әкімі қызметінен босатылды

Автор: Асыл Арман

Президент жарлығы жарияланды

Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.