14.02.2025, 16:29
Жаңалықтар
Ер адам әйелін 97 жерінен пышақтап өлтірді: ол небәрі 10 жылға сотталуы мүмкін
Қазір қылмыс жасаған ер адам қамауға алынды
Фото: istockphoto.com
Өзбекстанда ер адам әйелін 97 рет пышақтап өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айуандықпен өлтіру оқиғасы 2025 жылы 5 ақпанда Әндіжан облысының Алтынкөл ауданында болған.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, олардың арасында жанжал туындап, салдарынан ер адам некедегі әйелін асхана пышағымен денесінің 97 жеріне пышақ сұғып өлтірген. ІІ топтағы мүгедек әйел алған жарақатынан көз жұмды.
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты 97-баптың 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
