Ұшып бара жатқан ұшақ борттағы төбелес үшін басқа қалаға қонды
Астанадан Антальяға ұшқан ұшақта жолаушылар төбелесіп қалды. Олардың арасында екі қазақстандық әйел бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі TRT Haber-ге сілтеме жасап.
Оқиға Pegasus Airlines компаниясының Анталия-Астана рейсінің бортында болған. Украинадан келген ерлі-зайыптылар екі қазақ әйелімен жанжалдасып қалған. Дауласушы тараптар дауды ауызша шеше алмай, жұдырық ала жүгірген.
Пилот төбелескендерді рейстен түсіру туралы шешім қабылдап, Эрзурум әуежайына қонды. Сол жерден төбелескен жолаушылар медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізіліп, ары қарай мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Ұшақ ары қарай Астанаға сапарын жалғастырды.