Президент жарлығы жарияланды
ШҚО-ның бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Тамара Дүйсенованың президент көмекшісі болып тағайындалғаны хабарланған.