Ақтөбе облысында мектеп оқушысының өлімі туралы тың мәлімет тарады

Автор: Асыл Арман

Оқиға бойынша қазір іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп оқушысы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шалқар ауданындағы ауылдық мектептің жоғары сынып оқушысының өлімі туралы тың ақпарат тарады.

«Шалқар аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Себептері анықталып жатыр», - деп растады Ақтөбе облысының полиция департаменті.