$ 526.5  611.64  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Олар интернет арқылы танысқан: жасөспірім қызды зорлаған еркек ұзақ жылға сотталып кетті

Оқиға Павлодар қаласында былтыр болған

Олар интернет арқылы танысқан: жасөспірім қызды зорлаған еркек ұзақ жылға сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодарда 29 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталып кетті. Ол 15,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Irbistv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ер адам жасөспірім қыз баламен интернет арқылы танысып, оны өзі тұратын қалаға шақырған. Қыз баланың 17 жаста екені анықталды. 29 жастағы жігіт оған 18 жасқа толғанынша күтіп, бірден заңды неке қиюды ұсынды. Ал кәмелетке толғанша ешқандай жақын қарым-қатынасболмайды деп уәде берген. Алайда сөзінде тұрмай, оны зорлаған. Сотта қылмыстық іс екі бап бойынша қаралып, сотталушы екі бап бойынша да кінәлі деп танылды.

«Үкімдерді ішінара қосу арқылы соңғы үкім 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу болып саналады», - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айнұр Юсупова.

Айта кетерлігі, прокурор жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруге де міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары