Тұман, көктайғақ, боран: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы хабарланды

Фото: Azattyq Rýhy

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауатыны және қатты жел болатыны туралы болжам жасады. Осыған байланысы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар қаласы мен Павлодар облысында боран мен қатты жел болады.

Жамбыл, Абай және Ұлытау облыстарында қар, боран, тұман, көктайғақ және жел болады дегенболжам жасалды.

Алматы, Қонаев, Жезқазған, Қызылорда қалаларында, сол сияқты Алматы және Қызылорда облыстарында көктайғақ, тұман болады.

Орал, Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларында, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп болжанып отыр.