Білім басқармасы хабарлама таратты
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары ауа райының нашарлауына байланысты онлайн оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін ауа райының нашарлауына байланысты Астанадан шығаберіс тасжолдар жабылғаны хабарланған болатын.