Оқиға Тараз маңындағы Жасөркен ауылындағы бекетте болған
Жамбыл облысында күзетте тұрған полиция қызметкерінің өліміне қатысты тың дерек жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Тараз маңындағы Жасөркен ауылындағы бекетте болған.
Редакцияның сұрауына байланысты тәртіп сақшысының өліміне қатысты жағдайды Жамбыл облысының Полиция департаменті растады.
«Суицидке жеткізу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды», - деп жауап берді Полиция департаметі редакцияның сауалына.