Қайрат Нұртастың қызының айтысқа «қатысқан» видеосы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Видеоны Қайрат Нұртастың анасы Instagram парақшасында жариялады

Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алаудың кішкентай күнінде қолына домбыра ұстап, айтысқа қатысқан сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны Қайрат Нұртастың анасы Instagram парақшасында жариялады.

Кадрларға мән берсек, Алаудың бастауыш мектепте Наурыз мерекесінде сыныптасымен айтысып отырғанын көруге болады.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің үлкен ұлы Нарұл бала күнінде неден қорыққанын айтып берген болатын.