Екеуінің бірге ішімдік ішіп, арасында жанжал болған
Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап тастады. Ішімдік ішіп отырған екеуінің арасында жанжал туып, экс-күйеуі пышақ ала жүгірген. Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан соң аурухана төсегінде көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Щучье қаласында болған. Пышақталған 33 жастағы келіншекті Бурабай ауданы ауруханасына жеткізгенімен, дәрігерлер оны ажалдан аман қалып қала алмады.
Ащы судың кесірінен болған ұрыстың ақыры адам өлімімен аяқталды. Марқұмның соңында үш баласы болғанымен, ол ата-ана құқығынан айрылған екен. Ал пышақ салған ер адам азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі көрінеді. Қазір ол қамауға алынып, тергеу басталды.
«Дау-дамай кезінде бұрынғы бірге тұрған адам әйелге пышақ салғаны анықталды. Соның салдарынан қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді Ақмола облысы ПД жетекші маманы Әлия Біләлова.