Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бірқатар өңірде көктайғақ болып, боран соғады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада бұрқасын болып, боран соғады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында қар жауып, бұрқасын, жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан, Қарағанды ​​облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Ұлытау облыстарының кей жерлерінде аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман, жел болады.

Қостанай, Жетісу облыстарында жел соғып, тұман түседі.

Маңғыстау облысында көктайғақ болады.