«Ал, сүйінші!»: әнші Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғаны туралы сыбыс расталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Танымал журналист әншінің босанғанын хабарлап, сүйінші сұрады

Фото: instagram/kamshat__zholdybayeva

Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғанын, журналист Анна Данченко растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Журналист әншінің ана атанғаны туралы ақпаратты Instagram Stories-те жариялады.

«Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды! Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!», - деп жазды журналист.

Анна Данченко желідегі парақшасына Azattyq Rýhy агенттігінің дайындаған коллажын жариялап, жұрттан сүйінші сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін Кәмшат Жолдыбаеваның босанып, ана атанғаны туралы желі қолданушылары жарыса жазған болатын.