Ресейдің атышулы әншісі Моргенштерн бетіндегі татуын өшіріп жатқан сәтінен видео жариялады
Ресейдің атышулы әншісі Алишер Моргенштерн бетіндегі татуын өшіріп жатқан сәтінен видео жариялап, жұртты ойға салып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
«Ақ парақтан, таза беттен», - деп жазды Моргенштерн.
Рэпер сол сияқты Instagram парақшасындағы бүкіл жазбаларын өшіріп, басты бетіне жұмбақ күйде «14.02» деген күнді көрсетіп қойды.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында әнші Қазақстанда жоспарлаған концертін бір күн қалғанда өткізуден бас тартқаны хабарланған болатын.