Ресейлік әнші Қазақстандағы концертін бір күн қалғанда өткізуден бас тартты
Оның концерті 7-8 желтоқсан күндері Астанада өтуі тиіс болатын
Ресейлік танымал әнші Моргенштерн Қазақстанда жоспарлаған концертін өткізбейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Концерті өтпейтіні туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.
«Тағы да сәлем, Қазақстан. Тосынсый жасалмайтын болды. Ғажайып өтпейді. Сол себепті билеттеріңізді тапсырыңыздар. Күндердің бірінде кездесеміз деп үміттенемін», - деп жазды Моргенштерн.
Айта кетейік, ресейлік рэпердің концерті Қазақстанда биыл сәуір айында да өтпей қалған. Ол кезде әнші өзінің қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жасырған жоқ. Алайда, не себепті келмейтінін нақтыламаған еді.
«Мемлекет тарапынан біреу маған ешнәрсе болмайтынына сөз берсе, тіпті тур жасауға дайынмын. Дәл қазіргі уақытта тәуекелге бара алмаймын», - деген еді әнші сол кезде.
Әншінің ән кеші Астанада 7-8 желтоқсан күндері өтуі тиіс болатын.
Айта кетерлік бір мәселе, концерт билеті сатылған сайтта қайтаруға жарамсыз екені алдын ала ескертілген. Енді билет ақшасы қалай қайтарылатыны белгісіз.