$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

28 градусқа дейін аяз болады: демалыс күндеріне арналған ауа райы

Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр

28 градусқа дейін аяз болады: демалыс күндеріне арналған ауа райы
Фото: Pixabay

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы демалыс күндері ауа райы -28 градусқа дейін суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінің ауа райын Солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауады, еліміздің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.

«Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.

Серіктес жаңалықтары