Елде туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты
Былтыр Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 1 трлн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм министрлігінің мәліметінше, саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.
Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген өңірлер:
«Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді», - делінген Туризм министрлігі таратқан хабарламада.