Экономиканы дамытатын тетіктің бірі – инвестиция
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай елдегі инвестициялық бастамаларға қатысты депутаттық сауал жолдап, бірқтар ұсыныс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутат экономиканы дамытудың тиімді көздерінің бірі – инвестицияекенін айтты. Қымбатшылық алқымнан алып, жұмыссыздық белең алған қазіргідей шақта бұл тіпті де өзекті. Алайда елімізде бұл бағыттағы істер көңіл көншітпей отыр, дейді ол.
«Мұны таяудағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының өзі баса атап өтті. Яғни, 2024 жылдың 9 айында елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 12,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 36%-ға төмендеп кеткен. Әсіресе, ол Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында айқын байқалады. Бұл үрдіс – ел экономикасы үшін алаңдатарлық көрсеткіш. Себебі, жеке капитал ағынының төмендеуін мемлекеттік бюджет қаражатымен алмастыру қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге бюджет тапшылығын қосымша құн салығын көтеру арқылы толтыру ұсынылуда. Ал бұл дегеніңіз өз кезегінде қаржылық тұрақтылыққа кері әсерін тигізетіні анық», - дейді Аманжол Әлтай.
Оның айтуынша, инвестициялық ахуал жақсарар емес.
«Қазақстанның инвестициялық саясатына қатысты қабылданып жатқан шараларға қарамастан, халықаралық рейтингтер мен сараптамалық баяндамалар елдің инвестициялық тартымдылығына әсер ететін бірқатар жүйелі мәселені көрсетіп отыр. Мәселен, Transparency International (Трэнспэрэнси Интернешнл) ұйымының Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 102-орында екен. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде еліміз 50-орыннан төменгі деңгейде қалып отыр. OECD және ЕҚДБ зерттеулері құқықтық реттеудің болжамдылығының төмендігін, бизнеске әкімшілік қысымның сақталуын және бейресми кедергілердің бар екенін атап өтті», - дейді депутат.
Оның айтуынша, бүгінде шетелдік және отандық инвесторлар экономикалық көрсеткіштермен қатар, елдің институционалдық және репутациялық тұрақтылығына да ерекше мән береді.
«Сол себепті инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейту, мемлекеттік реттеудің ашықтығын қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Мұны ел президенті де аталған Үкімет отырысында айтып, инвестиция тарту, бюрократиялық кедергілерді жою және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық имиджін жақсарту нақты институционалдық реформаларға негізделуі тиіс», - дейді ол.
Депутат бұл бағыттағы шешуші қадамдар мыналар болуы керек деп есептейді: