Зардап шеккен полицейге екі операция жасалған
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымның жағдайын білуге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлер консилиумына қатысты. Зардап шеккен полицейге екі операция жасалған. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін министр полиция қызметкерінің тез сауығып кетуін тіледі», - деп жазылған хабарламада.