Қанды оқиға 9 ақпан күні Әлмерек ықшам ауданында болған
Алматыда ер адам сүйіктісін өлтірген соң асқан озбырлықпен денесін бөлшектеп, қоқысқа тастай салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметіне сүйенсек, 1989 жылы туған әйелдің бөлшектелген мәйіті 11 ақпан күні таңертең қоқыс өңдеу зауытының аумағында қалдықтарды сұрыптау кезінде табылды
Тергеу ісіне сәйкес, 9 ақпан күні Әлмерек ықшам ауданындағы жалдамалы үйде ішімдік ішкеннен кейін екеуінің арасында жанжал туындаған. Салдарынан 1983 жылы туған ер адам сүйіктісін пышақтап, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған.
Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.
«Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам спирттік ішімдік ішкеннен кейін сүйіктісін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - делінген қалалық ПД хабарламасында.