ҰҚК: Абай облысында терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Автор: Асыл Арман

ҰҚК күдіктіні биыл 28 қаңтарда қолға түсірді

Фото: ҰҚК

Абай облысында әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, ол биыл 28 қаңтарда прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен ұсталды.

«Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктеліп отыр. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.