Көкшетауда қарт кісі баспанасын сатып, түскен ақшаны алаяқтарға аударып жіберген

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол ақшаны 3 ақпан күні аударған, ал полицияға 11 ақпанда ғана арыз түсірді

Фото: istockphoto.com

Көкшетауда 74 жастағы зейнеткер пәтерін сатып, түскен ақшаны алаяқтарға беріп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, қылмыскерлер әйелді арнайы операцияны өткізуде құқық қорғау органдарына көмектесетініне сендірді.

Көкшетауда полицейлер 74 жастағы зейнеткер құрбан болған ірі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сенімге кіргеннен кейін қылмыскерлер әйелді өз пәтерін сатуға және барлық ақшаны белгісіз бір шоттарға аударуға көндірген.

«Қылмыстық іс материалдарынан көрініп тұрғандай, 3 ақпанда жәбірленушінің «WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама келген. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қызметкерлері, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан қызметкерлер де, ақпараттық ағындардың заңсыз кетуі мен террористік ұйымдардың қаржылық демеушілігіне қатысты тексерулер жүргізіп жатыр. Күні бойы зейнеткерге ҰҚКД және Ұлттық Банктің қызметкерлері ретінде жалған қоңыраулар түсіп, алаяқтар оның атынан тыйым салынған ұйымдарға қаржы аударайын деп жатқанын айтып сендірген. Алайда, бұл қылмыстық әрекеттерді тоқтату үшін әлі де мүмкіндік бар екенін айтып, алаяқтық әрекетін іске асырды.

Банктің жалған менеджері ақмолалық әйелге өз пәтерін алаяқтарға сату қажеттігін түсіндірген. Ол пәтерді сатқан соң, қауіпсіздік қызметкерлері алаяқтарды ұстап, сатып алу-сату мәмілесі жойылады деп сендірген. Сонымен қатар, әйелге бұл арнайы операцияға қатысатыны туралы ешкімге айтуға болмайтыны ескертілген. Алаяқтар оған жергілікті пәтер сатып алушысы болып көрінетін адамның нөмірін беріп, 18,5 миллион теңгеге пәтер сатып алу туралы келісім жасалған. Осыдан кейін әйел мен риэлтор мәмілені рәсімдеп, ол түскен ақшаны толық көлемде үшінші тұлғалардың шоттарына аударған. Барлығы 30-дан астам транзакция жасап, әртүрлі жерлерде ақша аударымдарын жүргізген», - делінген ПД хабарламасында.

11 ақпанда ақмолалық полицияға алаяқтық әрекеттер туралы арыз жазды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жедел іс-шаралары жүргізілуде.