«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың төрт ойыншыны алдап өтіп соққан голының видеосы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Бұл гол EURO-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде соғылған

Фото: instagram/kff_jastar

Бірер күн бұрын Англияның әйгілі «Челси» командасына ресми түрде ауысқан қазақстандық Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрама сапында соққан голының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл гол EURO-2025 турнирінің іріктеу кезеңінде соғылған.

Видеоға мән берсек, отандасымыздың төрт ойыншыны алдап өтіп, қақпашыдан айласын асыра соққан голын көруге болады.

Айта кетейік, Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Оның жетістіктері:

  • QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас;
  • QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы;
  • Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан;
  • УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас.

2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.