Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінде жалған құжатпен жұмыс істегендер істі болды

Автор: Асыл Арман

Оларға сот үкімі шықты

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс істегені үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен мектеп асханасының 4 жұмысшысы өткен жылдың желтоқсан айында айыппұл түріндегі жазаға сотталды.

«Көрсетілген тұлғалар жалған санитарлық құжаттарды пайдалану арқылы Мұнайлы ауданының №8 орта мектептің тамақтандыру блогында жұмыс істеген.

Бұл жағдай аталған мектептің оқушыларының жаппай улануынан кейін тексеру кезінде анықталды. Қазіргі таңда соттың үкімдері заңды күшіне енді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.