Әйел адамға қатысты сот үкімі жарияланды
Көкшетауда электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатумен айналысқан әйел адамға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, Көкшетау қаласының аумағында сатқаны анықталды.
«Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге)көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді. Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауаптылыктың қарастырылған», - делінген прокуратура хабарламасында.