Қоныс аударғандардың жартысына жуығы – қандастар
Қазақстанда ерікті қоныс аудару аясында былтыр жұмыс күші тапшы өңірлерге 8 950 адам, оның ішінде 3 000 қандас және 5 950 қоныс аударушы көшіп барды. Барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қоныстандыру өңірлері бөлінісінде Павлодар облысына 3 422 адам, Солтүстік Қазақстан облысына 2 547 адам, Қостанай облысына 1 020 адам, Шығыс Қазақстан облысына 781 адам, Ақмола облысына 537 адам, Абай облысына 530 адам, Ұлытау облысына 70 адам, Қарағанды облысына 43 адам қоныс аударды.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қоныстану аймақтарына көшкен қандастарымыз негізінен мына елдерден келген: Моңғолиядан – 1 072 адам, Өзбекстаннан – 908 адам, ҚХР – 762 адам, Ресейден – 164 адам, басқа елдерден – 94 адам.
Келушілер қатарынан еңбекке қабілетті жастағы 4 279 адамның (қоныс аударушылар мен қандастар) 2 721-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 207 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда, бизнес ашу үшін 25 адам грант алды.
Қоныс аударушылар мен қандастар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салаларыға жұмысқа орналасты», - делінген министрлік хабарламасында.
Қоныс аударған кейіпкерлеріміздің бірі – Сүлейменовтер отбасы, олар қоныс аударғаннан кейінгі өмірлеріндегі оң өзгерістерімен бөлісті.
«2023 жылы облыстық қоныс аудару квотасына енгізілгеннен кейін олар Маңғыстау облысынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына қоныс аударған. Отбасының әрбір мүшесіне қоныс аударуға 1 690 500 теңге көлемінде материалдық көмек түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, сонымен қатар экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алдық. Біз көшуге шешім қабылдағанымызға және қоныс аударушыларға жұмыс іздеуге көмектесетін, алғашқы материалдық көмек көрсететін мемлекет тарапынан осындай бағдарлама бар екеніне өте қуаныштымыз», – деді отағасы Жанболат Сүлейменов.
Жанболат Ақтау қаласының №1 кәсіптік лицейін «Есептеу техникасына қызмет көрсету жөніндегі техник оператор» мамандығы бойынша бітірген, жұбайы Жадырдың «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Тайынша ауданының мансап орталығы жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Жанболат «Көкше Техстрой» ЖШС-де жұмыс істейді. Жұбайы «Қарлығаш» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.
Естеріңізге сала кетейік, ерікті қоныс аудару аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.