Құтқарылғандардың арасында 1 бала бар
Өскеменде қап-қара түтін шығып, өртеніп жатқан пәтерден 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, түнде Өскемен қаласының Қазақстан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінде 4-қабаттағы пәтерден өрт шыққан.
«Құтқарушылар баспалдақ маршымен құтқару қалпақтарының көмегімен 8 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.