Жалған ақпарат таратқаны үшін сот айыппұл салды
Жамбыл облысында балалар үйіне қайырымдылық жасаған ақшаны заңсыз иемденіп жатыр деп шулатқан мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық директоры айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Facebook парақшасында балалар үйіне қатысты осындай жалған пост жазғаны үшін жазаланды.
«Істі дайындау сатысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.
Келісімге сәйкес, жауапкер «Facebook»-тегі жеке парақшасында көпшілік алдында кешірім жариялауға, сондай-ақ балалар үйінің пайдасына 50 мың моральдық зиянды және сот шығындарын өтеуге міндеттелді. Талап қоюшы арызынан бас тартты», - делінген облыстық сот хабарламасында.