Партияның 46 мың мүшесінің 60%-ы – әйелдер
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты өткен жылды қорытындылап, жаңа мақсаттар қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жыл «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты үшін Қостанай облысында айрықша жыл болды. Партияның 46 мың мүшесінің 60%-ы – әйелдер. Өңірдегі 20 филиалдың 8-ін әйелдер басқарып, 68% бастапқы партия ұйымдары олардың жетекшілігінде. Облыстық саяси кеңес бюросында әйелдер 40%-ды, ал саяси кеңесте 34%-ды құрайды. Бұл сандар өздері туралы айтып тұр: әйелдер өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде көшбасшы рөлдерін белсенді түрде атқаруда.
Қостанайда Әйелдер қанаты белсенділерінің «Әйелдер қанаты: корытынды, перспектива, даму» атты кездесуі өтті, онда жыл қорытындыланып, 2025 жылға арналған бағыттар айқындалды. 200-ден астам әйелдер көшбасшылары, сарапшылар мен белсенділер жиналып, негізгі жобалар мен бастамаларды талқылады.
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты Қостанай облысында тек бірлестік емес, өзгерістердің қозғаушы күші болып табылады. Біз әйелдердің саясатта, бизнесте, ғылымда және әлеуметтік салада белсенділіктерінің артып келе жатқанын көреміз. Біз өз ұйымымыздың оларды осы жолда қолдап, әлеуетін ашуға және жоғары нәтижелерге жетуге көмектескеніне мақтанамыз», — деп атап өтті Әйелдер қанатының жетекшісі Гүлсара Жаманкулова.
Жылдың маңызды оқиғаларының бірі облыстық мәслихат депутаты Аруна Жақсагулованың ұйымдастыруымен өткен «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті фестивалі болды. Әр ауданнан 100 оқушы спорттық жарыстарға қатысып, жеңімпаздар республикалық деңгейге жолдама алды.
Ғылыми сала да назардан тыс қалған жоқ. Депутат және профессор Гүлмира Дамбаулова «Ғылымдағы әйелдер» атты өңірлік форумды бастамашы болып, 200-ден астам қатысушы, оның ішінде жетекші ғалымдар мен депутаттар жиналды. Форумның нәтижесінде өңірдің әйел ғалымдарының ғылыми мақалалар жинағы шығарылды.
Әйелдер қанатының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі — әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау. Қостанай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Несібелі Басенова отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық, қиын жағдайға тап болған отбасыларға заңдық және психологиялық қолдау көрсету мәселелерімен белсенді айналысты.
«Біз әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды жалғастырамыз, және бұл бағыттағы жұмысымыз тек қарқын алуда. Әрбір әйел, әрбір ана өзінің жалғыз емес екенін білсе екен. Біз қиын жағдайда қалғандарға көмек көрсетуге, қолдау көрсетуге және қорғауға дайынбыз. Осы жылы біз бұл жұмысты кеңейтіп, тағы да көп мамандарды тартып, мүмкіндігінше көп отбасыларды қамтуды жоспарлап отырмыз», — деді Басенова.
Әйелдердің бизнес саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту, көшбасшылық әлеуетін дамыту және әлеуметтік бастамаларды қолдау — басым бағыттар болып қала береді. Маңызды қадамдардың бірі — «ЭлитОптика 2011» ЖШС және «Вералайн» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу болды. Бұл Қостанай облысындағы әйелдер үшін тегін медициналық қызметтер мен алдын алу бағдарламаларының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Біз серіктестерімізбен ынтымақтастықтың көптеген әйелдерге пайда әкелетініне сенімдіміз. Өйткені денсаулық — әл-ауқаттың негізі, және біз әрбір әйелдің сапалы медициналық көмекке қол жеткізуін қалаймыз. 2025 жылы біз медициналық сауаттылықты арттыруға көмектесетін қосымша қолдау бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Гүлсара Жаманқұлова.
«Біз Әйелдер қанатының бастамаларын қолдауға және әйелдердің денсаулығын сақтау бағытында бірлесіп жұмыс істеуге қуаныштымыз. Біз үшін әрбір әйелдің, оның әлеуметтік жағдайы немесе тұратын орнына қарамастан, уақтылы білікті медициналық көмек алу мүмкіндігі болуы маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істеуге дайынбыз және Әйелдер қанатымен серіктестіктің тамаша нәтижелерге әкелетініне үміттіміз», — деді «ЭлитОптика 2011» ЖШС жетекшісі Елена Яцкевич.
Әйелдер қанаты қайырымдылық жобаларын белсенді дамытып келеді. 2024 жылы «Баланы мектепке жинаймыз», «Балаңа уақыт арна», «Балаларымыз — Аманатымыз!» акциялары әлеуметтік осал отбасылардың балаларын қолдады.
Әйелдер көшбасшылығын дамыту «Томирис» жобасы аясында жалғасады. Биыл Қостанай облысынан 8 қатысушы ҚР Мәжілісінде тағылымдамадан өтті. 2025 жылы бағдарлама кеңейтіліп, әйелдерді саясатқа тарту мақсатында қосымша шаралар жоспарлануда.
«2025 жыл жаңа мүмкіндіктер жылы болады. Біз әйелдердің өздерін іске асырып, көшбасшылық рөлдер атқарып, қоғам өмірін жақсартуға ықпал етуіне мүмкіндік жасау үшін жұмыс істейтін боламыз. Әйелдер өз күштеріне сенімді болып, барлық деңгейде қолдау алып, өздерінің естілетініне сенімді болатындай жағдайларды қалыптастыру өте маңызды. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты әйелдерге табысқа жету жолында шабыт беруді, біріктіруді және қолдауды жалғастырады», — деп қорытындылады Гүлсара Жаманкулова.
«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты шабыттандырып, қолдап, біріктіруді жалғастыруда. Алда жаңа жобалар, бастамалар және жеңістер күтіп тұр.