Кенесары хан туралы ойын айтқан Қырғызстан әншісі 10 жылға сотталып кетуі мүмкін

Автор: Асыл Арман

ҰҚК мәліметінше, ол ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады

Фото: Қырғызстан МҰҚК

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) күдіктінің ұлтаралық араздықты қоздырғаны туралы хабарлады. Жергілікті БАҚ ұсталған азамат әнші Қайрат Примбердиев екенін жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру» бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шаралары аясында 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталғаны хабарланды. МҰҚК мәліметі бойынша, YouTube арналарының бірінде сөйлеген ер адам ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасады.

Әншіге қатысты ешқайда шықпау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Қазіргі уақытта тиісті тергеу-процестік әрекеттер жүргізілуде. ҚР МҰҚК нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыруға бағытталған іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді, ол үшін ҚР заңнамасында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылығы көзделген», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетерлігі, осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде қырғызстандық әнші Кенесары хан туралы ойын білдірген болатын.