Маңғыстау облысында жеңіл көлік Камаздың артына соғылып, 4 адам көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Жүргізушісі Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді

Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының Бейнеу-Сайөтес тасжолында адам шошырлық жол апаты болып, төрт бірдей адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш тасжолда Toyota Camry мен «Камаз» жүк көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан жолаушылар көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Toyota Camry жүргізушісі ауыр жараланып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, онда оған медициналық көмек көрсетіледі.

«КАМАЗ» жүргізушісіне жарақаттың болмауына байланысты дәрігерлердің көмегі қажет болған жоқ.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

«Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды, жолда мұқият болуыңызды және өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеуіңізді сұраймыз», - деді полиция қызметкерлері.