Турист XVI ғасырдан келе жатқан картинаны бүлдіріп қойды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Картинада белгісіз екі әулиенің суреті көрініс тапқан

giornaledibrescia.it

Италияның Брешиа қаласындағы мұражайға кірген турист шалынып кетіп, абайсызда XVI ғасырдағы картинаны бүлдіріп қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі giornaledibrescia.it басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жергілікті суретшілерге арналған көрмеде болды. Салдарынан Моретто шеберінің жұмысына нұқсан келді.

Басылымның мәліметінше, картинада белгісіз екі әулие бейнеленген, ал екінші жағында Мариям бейнеленген.

Дегенмен, картина қалпына келтіруге жарамды екені, қазір реставрацияға берілгені анықталды. Ал туристке ешқандай шара қолданылмайтын болды.