«Мақтанудың шегі»: тойда жұрттың үстіне ақша шашқандар сынға ілікті (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Видеода үш-төрт адамның ақша шашып тұрғанын көруге болады

Фото: Видеодан скрин

Тойлардың бірінде екінші қабатта тұрып, жұрттың үстіне ақша шашқандардың әрекеті жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Онда үш-төрт адамның ақша лақтырып тұрғанын көруге болады.

Олардың бұл әрекетін желі қолданушылары қолдай қойған жоқ.

«Қолымен таратса да болар еді», «Мақтанудың шегі», «Құтырғандар, бәрінің сұрауы бар ғой», «Жетіскен екенсіңдер», «Ақшаның да киесі болады», «Ой, масқара, мақтаншақтар», «Бұл енді шектен шығу. Дарақылық», - деп жазды желі қолданушылары.