$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 16:27
Жаңалықтар

Алматыда блок-бекетте қайтыс болған 2 полицейдің жақындарына пәтер беріледі

Марқұмдардың отбасына қаржылай да көмек беріледі

Алматыда блок-бекетте қайтыс болған 2 полицейдің жақындарына пәтер беріледі

Алматыда қызмет бабында көз жұмған екі полиция өкілінің отбасыларына пәтер беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың бас санитары Жандарбек Бекшинмен бірлесіп өткізген баспасөз конфренециясында айтты.

«Әрине, біз осы жағдайды естігенде қатты қайғырдық. Өз атымнан марқұмдардың отбасы мүшелеріне көңіл айттым. Қызмет бабында жүріп қайтыс болған екі полиция өкілінің артында қалған жақындарына қаладағы кәсіпкерлердің көмегімен екі пәтер қарастырып жатырмыз. Одан бөлек, қаржылай да көмектер көрсетіледі», - деді қала әкімі. 

25 мамырда Алматы маңындағы блок-бекеттердің бірін бұзып өтпекші болған мас жүргізуші полиция көлігін соғып, салдарынан екі полиция қызметкері бақилық болды. Оқиға орнында Жарас Жанғазиев қайтыс болды. Оның қызметтегі серігі Дастан Әбдіқанов екі сағат өткенде ауруханада көз жұмды. Жарас Жанғазиевтің артында кәмелет жасына толмаған екі қызы мен аяғы ауыр әйелі қалды. Ал, аға сержант Дастан Әбдіқановтың жары мен бір айлық сәбиі болған. Одан бөлек, тағы бір полиция қызметкері ауруханада жатыр. Апаттан жараланған үшінші полицейдің бас сүйегіне кеше операция жасалды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары