Жалпы мұндай қылмыстар үшін 900-ден астам адам сотталған
2024 жылы Қазақстанда жемқорлық қылмыстары үшін 900-ден астам адам сотталды, олардың жартысына жуығы айыппұл төлеумен жазадан құтылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың мәліметіне сәйкес, былтыр жемқорлық қылмыстары үшін 914 адам сотталған, оның 434-і айыппұл төлеу жазасына тартылған. Жалпы айыппұл сомасы 6,2 миллиард теңгені құрады.
«Сотталғандар айыппұлды белгіленген мерзімде төлемесе, сот үкімі мәжбүрлі түрде орындалады, ал төленбеген сома басқа жазаларға ауыстырылады», —делінген хабарламада.
Айыппұлын төлемегендерге қолданылатын шаралар:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет айыппұлдарды төлемеу сот шешімін қатаңдататынын, сондықтан сотталғандар үшін айыппұлды уақтылы төлеу тиімді екенін атап өтті.