Ал тағы бір қазақстандық спортшы финалдық кезеңге өте алмады
Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Жарыстың финалдық кезеңінде Аяна 76,54 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Бұл Қазақстан құрамасының Азиада-2025 додасындағы тағы бір маңызды жетістігі. Дегенмен, тағы бір қазақстандық спортшы Ардана Маханова финалдық кезеңге өте алмады.