Биыл саябақты көгалдандыруға 10 млн-ға жуық қаржы бөлінген
Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 6500 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 шақырым болатын жүгіру жолақтарының құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновке дендросаябақта жүргізілетін абаттандыру, веложол мен жүгіру жолақтарын салу және жарықтандыру жобаларын таныстырды.
Биыл саябақты көгалдандыруға 10 млн-ға жуық қаржы бөлінген. Бұл қаржыға жасыл желектің қатары толығып, суару жүйесі жаңаланбақ. Сондай-ақ, саябаққа жақын күндері сирек кездесетін гүлдер де отырғызылған.
Төтенше жағдай кезінде кіре берістегі негізгі қақпа жаңаланып, баспалдақтар қайта салынған. Сонымен қатар, демалыс аймағында әжетханалардың саны да артпақ.
Қала басшысы жаз мезгілінде қала тұрғындарының басым көпшілігі осы саябаққа келетінін айтып, тынығушыларға қолайлы жағдай қарастыруды тапсырды.