Тағы бір қазақстандық спортшы Олжас Климин жарысты бесінші орынмен аяқтады
Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов Харбинде өтіп жатқан Азиа ойындары-2025 жарысында қола медаль алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Борцов ерлер арасындағы классикалық стильдегі спринттің финалында үшінші болып мәреге жетті.
Жарыс нәтижелері:
• Алтын медаль: Қытайлық спортшы Ван Сянь
• Күміс медаль: Жапониялық Харуки Ямашита
• Қола медаль: Қазақстандық Константин Борцов
Тағы бір қазақстандық спортшы Олжас Климин жарысты бесінші орынмен аяқтады.