«Киімсіз марафон»: Қостанай көшелерінде жалаңаш жүгіріп жүрген жігіт ұсталды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды

Фото: © istockphoto.com

19 жастағы жігіт қала көшелерінде «киімсіз марафон» ұйымдастырды. Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ. Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды», — деп жазылған хабарламада.

Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.