2018 жылдан бастап Қазақстанда шетелден қаржы немесе мүлік алатын тұлғалар үшін жаңа ережелер енгізілген еді
Қазақстанда шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізімі жарияланатын болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комитеттің мәліметінше, 2018 жылдан бастап Қазақстанда шетелден қаржы немесе мүлік алатын тұлғалар үшін жаңа ережелер енгізілді. Бұл қаражат шетелдік үкіметтерден, ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан келуі мүмкін. Мұндай адамдар мемлекетке есеп беруге міндетті.
2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті өз интернет-ресурсында шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың реестрін жариялайды.
Бұл реестр жарты жылда бір рет жаңартылып, алғашқы және екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жарияланады.
2023 жылғы деректер
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұл шаралар қоғамдық сенімді арттыруға көмектеседі; мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз етеді; шетелдік қаржыландырудың заңдылығын бақылауға мүмкіндік береді.