Шорт-тректен ел құрамасы күміске қол жеткізді
ІХ Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада (2000м) Қазақстан құрамасы мәреге екінші келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан мен Малика Ермек қорғады.
Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.
Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып, команда жартылай финалға жолдама алған еді.