Олар 5 айда 1 миллион теңге алған
Алқабилер соты оларды кінәлі деп танып, әрқайсысын 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар компанияның директоры мен басқарушы директорын қорқытып, интернетте теріс материалдар жариялауды тоқтатуға уәде беріп, ақша талап еткен.
Істің бірінші эпизодында олар директордан айына 200 000 теңге талап етіп, бес айда барлығы 1 миллион теңге алғаны көрсетілген. Олар тағы бір кәсіпкерден бұдан да үлкен сома бопсалаған.
«Сотталушылар осыған ұқсас схеманы пайдалана отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарушы директорынан 50 000 000 теңге көлемінде ақша бопсалаған. Ақшаның бір бөлігін аудару кезінде сотталушылардың бірі ұсталды», – делінген хабарламада.
Прокурор соттан күдіктілерге 7 жыл жаза беруді сұрады. Нәтижесінде сот оларды кінәлі деп танып, компанияға бопсалаған 1 миллион теңгені қайтаруды міндеттеді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ – сотталғандар апелляцияға шағым түсіре алады.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазанында бұл іс бойынша ақтау үкімі шыққан болатын. Алайда прокурор мен жәбірленуші тарап апелляциялық шағым түсіріп, сот алқабилерді іріктеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын анықтады. Соның негізінде алдыңғы үкім жойылып, жаңа сот процесі өтті.