«Ішінде 350 адам болған»: қалааралық пойыз отқа оранды

Автор: Дәуренқызы Алма

Теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды

Фото: istockphoto.com

АҚШ-та Филадельфиядан Уилмингтонға бара жатқан жолаушылар пойызы өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Fox News-ке сілтеме жасап. 

Жалын жолдың соңына қарай вагондардың бірін шарпыған. Пойыз ішінде 350 адам болған, олар тез арада эвакуацияланып, автобуспен жақын маңдағы қалаға жөнелтілді. 

Бұл бағытта теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.